29.10.2020, 19:03
Қараулар: 88
«ТУЫНДАҒАН ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ТӘСІЛІ»

«ТУЫНДАҒАН ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ТӘСІЛІ»

Туындаған дауды шешудің ең жақсы тәсілі – даудан жалтару екені белгілі. Мемлекетіміз азаматтардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, дауды шешудің баламалы тәсілдерін заңнамалық деңгейде бекітті, соның бірі медиация болып табылады. Осылайша, 2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы»  ҚР заңы қабылданды және 2011 жылы 05 тамызда қолданысқа енгізілді.

2020 жылдың 9 айлығында Казталов аудандық сотында талап арыздар бойынша 81 азаматтық істер қаралып,  оның  ішінде 6 азаматтық іс медиация тәртібімен шешілді. Мысал келтіре кетсем, А. деген азаматша жолдасы Е. арақ ішіп келіп, үйдің мазасын алатынын айтып некені бұзуды сұраған. Алайда, сот отырысында тараптар татуласуына байланысты дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімді ұсынған. Ұсынылған келісімге сәйкес жауапкер Е. талап қоюшы А — дан  кешірім сұрап, тараптар татуласып, іс медиация тәртібімен өндірістен қысқартылды. Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай,  дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу  азаматтық іс жүргізудің  субъектілеріне тиімді және оң тұстар жетіп артылады. Біріншіден, дауды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу сот шешіміне қарағанда тараптардың бітімге келуіне ықпал етеді. Екіншіден, көп жағдайларда дау тараптардың заң нормаларын дұрыс түсінбеуінен туындап жатады. Сол нормаларды соттың тиісті түрде түсіндіруі  аталған рәсімдерді жасауға ықпал етіп, дауласушы тарапты ымыраға келтірері сөзсіз, үшіншіден татуласу  рәсімдері тараптар арасындағы дауға ортақ келісіммен соңғы нүкте қоюдың  алғы шарты, ал сот шешімі бір тарапты ғана қанағаттандыра алуы  мүмкін, тараптардың уақытын, қаржысын үнемдейді. Бұл ретте айта кетерлігі татуластыру рәсімдері арқылы шешімін тапқан іс бойынша төленген мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылады. Өзара келісімге келу арқылы дауды реттеу бастапқы және апелляциялық, кассациялық сот талқылауларында судья сот актісін шығаруға кеткенге дейін жасалуы мүмкін. Тек екі жаққа тиімді мәміле басқа тұлғалардың мүддесі мен заң талабына қайшы келмеуі тиіс.

Казталов аудандық сотының бас маман

сот мәжілісінің хатшысы Д.А.Ажгалиева