15.10.2020, 16:26
Қараулар: 50
Соттағы электронды қызмет – заман талабы

Соттағы электронды қызмет – заман талабы

Сот жүйесінде қазіргі замаңғы технологияларды енгізу сот органдарының жеделдігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.

Осы орайда күнделікті жаңартылып отыратын соттардың ресми сайттары, халыққа қолжетімді «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сотқа шақыру қағазы», «SMS-хабарлама», «Дыбыс-бейнеге жазу» жүйелері халыққа электронды қызметті тиімді көрсетіп отыр. Қауіп індеттің таралуына байланысты сот жүйесі толықтай онлайн форматқа көшті. Бүгінгі күні іс құжаттары, талап арыздар мен өтініштер «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы қабылданып, сот отырыстары WhatsApp, TrueCort мобильді қосымшаларының көмегімен өткізілуде.

«Сот кабинеті» сервисінің қағаз түрінен артықшылығы электрондық нысанда талап арыздарды, сот хаттамасын беру туралы арызды, хаттамаға ескерту-арызды беруге, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық қадағалау іс жүргізуіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланушыға ыңғайлы кез-келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге берілген мүмкіндік болып табылады.

Мемлекеттік мекемелер арасында хат алмасу да толық электронды форматқа көшіп, құжат айналымы механизмі жеңілдетілді. Барлық құжаттар «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» арқылы жүргізіледі.Сот хабарлауы, шақыруы, сот актілерін орындау және сот актілерінің орындалғаны жөнінде ақпараттары кезек күттірмей жолданып, қабылданып отырады.

Сот жүйесінде жоғарыда аталған электрондық қызметтер қазіргі заманғы технологияларды енгізу бюрократиялық кедергілерді жойып, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге септігін тигізіп, сот жүйесінің тұрғындар үшін барынша айқын және қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Асылгүл Сансызбаева

Казталов аудандық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы