12.10.2020, 16:13
Қараулар: 48
«ЖАСТАР КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АУДАНДА

«ЖАСТАР КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ АУДАНДА

Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас дем» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Жастар керуені» жобасы аясында аудан орталығында жастарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын түсіндіру мақсатында аудан жастарымен кездесті. Жоба жетекшілері аудан әкімінің қабылдауында болып, аудан басшысына жоба аясында атқарылатын жұмыстар мен жобаның маңыздылығын таныстырды. Аудан әкімі Альберт Есалиев жастардың бастамасына қолдау көрсететіндігін жеткізіп, жоба жетекшілерінің жұмыстарына сәттілік тіледі. Ауыл жастарына арналған мемлекеттік бағдарламалардың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіру және жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына, жаңа жобалардың іске асуына атсалысуға шақыру мақсатындағы жобалар тізбегі аудандық мәдениет үйінде жастармен кездесуден бастау алды.

«Жастар керуенінің» мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп өткен модератор Талғат Мәуленовтің алғы сөзінен соң керуен спикерлері таныстырылды. Жандос Сұңғатов, Мұхит Тұрғынғали, Бейімбет Дүйсенәлі, Жазира Бексариева, Ержан Есенгубеков және Аманжол Нығметов жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіре отырып, еркін форматта пікір алмасты.

Сапар барысын аудан орталығынан бастаған керуен тобы Жалпақталға келіп, концерттік бағдарламасын ұсынды. Түрлі жанрда өнер көрсеткен облыстық жастардың өкілдерін жылы қабылдаған жалпақталдықтар жас өнерпаздарға ризашылықтарын білліріп, ұзақ қол соқты.

 

Асылбек НӘСІПҚАЛИ