12.10.2020, 16:09
Қараулар: 46
ҚОС ӨЗЕННІҢ ОРТАСЫНДАҒЫ ЕСЕЛІ ЕҢБЕК

ҚОС ӨЗЕННІҢ ОРТАСЫНДАҒЫ ЕСЕЛІ ЕҢБЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялады.

Президентіміз Жолдауда  әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындары мен халықтың табысын сақтау сияқты негізгі басты міндеттерді айқындады.

Бұл бұған дейін жүзеге асырылып келген стратегиялық құжаттардың нәтижелерін сараптай отырып, еліміздің дамуына тың серпін беретін Жолдау болды. Жолдау  жүктеген міндеттерді аудан тұрғындары бірауыздан қолдап,  өз пікірлерін білдіруде.

Экономика

Казталов ауданының бюджеті 2019 жылы 9 млрд. 200 млн теңге болса, биылғы жылы 8 айда 11 млрд. 612 млн теңгені құрап отыр.

Соның ішінде өз кірісіміз 1 млрд. 114 млн теңге. Олардың басым бөлігін табыс, әлеуметтік  және меншікке салынатын салықтар құрайды. Ағымдағы жылдың 8 айында Казталов ауданы бойынша негізгі салымдар кезіндегі инвестиция көлемі 5 035,3 млн теңгені құрады.

Ең басты бағыттардың бірі бұл салық түсімін ұлғайту болып табылады.

Ол үшін аудандағы тіркелмей тұрған жылжымайтын мүліктерді анықтау бойынша жұмыстар жүрігізіп, нәтижесінде тіркелмеген 30 тұрғын үй және 27 коммерциялық нысандар, және де нарықтық бағасы төмен 71 тұрғын үй анықталды. Қазіргі таңда  тұрғын үйлерді қайта бағалау қажеттілігі туралы түсінік жұмыстары атқарылып, тіркелмеген нысандарды есепке алу, тиісті салықтарды төлетіп салық түсімдерін көбейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар кәсіпкерлікпен айналысып, өз кірістерін көрсетпей отырған  «көлеңкелі» кәсіпкерлерді тіркету және шартсыз жұмыс жасайтын жалдамалы қызметкерлерді шарт арқылы жұмысқа орналастырып, бюджетке төленетін міндетті төлемдерді түсіру үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда.

 

Тұрғын үй және құрылыс

Қазіргі таңда аудан бойынша 349 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Ағымдағы жылы тұрғындар тарапынан 23 үй немесе  3 478 шаршы метр  жеке тұрғын үйлер салынды.

Аудан халқын тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы жалпы құны 400 млн. 205 мың теңгені құрайтын 3 екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыстары басталды. Бұл үйлер 2021 жылы толықтай қолданысқа беріледі. Нәтижесінде 36 отбасы баспаналы болады. Соның ішінде басым бөлігі көпбалалы аналарға арналған.

Сонымен қатар жер кезегінде тұрған тұрғындарға тұрғын үй салу үшін Казталов ауылында – 85, Жалпақтал ауылындағы – 61 жер теліміне инфрақұрылымды жүргізу үшін жобалары дайын. Құзырлы мекемелерге сұраныс жолданды.

Сонымен бірге ауданымызда тұрғын үй қорын жақсарту бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында алдағы уақытта жалпы аумағы 1445,8 м² құрайтын 4 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізеледі.

 

Газбен қамту

Жылдың басында 4 елді мекенге газ берілді. Сонымен қатар Талдықұдық, Кішіталдықұдық, Бейстерек, Кішкенешал ауылдарын газбен қамтуға құрылыс монтаж жұмыстары басталды. Аталған бағыттағы жұмыстарды ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.

Нәтижесінде аудан бойынша 32 ауыл газбен қамтылып, 27660 немесе 95,3 пайыз тұрғын көгілдір отынға қол жеткізетін болады.

Қазіргі таңда 2475 мың халық тұратын 16 елді мекенді газбен қамту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталып тұр.

Сондай-ақ 5 ауылдың әлеуметтік нысандарын газбен қамту бойынша биылғы жылы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Келісімшарт бойынша жобаның жалпы құны – 161 млн. 768 мың теңге.

 

Ауыз су

Биылғы жылы Қарасу ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

Қазіргі таңда ауданда 23 ауылға таза ауыз су өткізілсе, 25 637 немесе 88,5 пайыз тұрғын таза ауыз сумен қамтылып отыр.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Талдықұдық, Қоныс ауылдарын ауыз сумен қамту үшін жоба жасақталды және 7 ауылға блок-модульді кешендерін орнату бойынша жоба жасалуда (Жаңатан, Әбіш, Оразғали, Жас, Ордабай, Сатыбалды, Беспішен).

 

Жол

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті деңгейдегі жол инфрақұрылымын қалпына келтіруге және дамытуға басымдық берілуде.

Осыған сәйкес аудан орталығына дейін қатқыл жол төселді.

Ауданымызға қатысты 210 шақырым республикалық жолдың соңғы жылдары 104 шақырымы күрделі жөндеуден өткізілді. Биылғы жылы жоспарланған 13,7 шақырым республикалық жолдың, қазіргі таңда 6,2 шақырым жолына күрделі жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар ауылішілік жолдар да жөнделіп, халықтың тұрмысын жақсартуға өзіндік септігін тигізуде. Атап айтсақ, Казталов, Жалпақтал ауылдарына 1 млрд. 374 млн теңгеге 16 көшеге 12 шақырым автомобильдер жолдары және аталған екі ауыл мен Бостандық ауылдарына 25 көшеге 13 шақырым жаяу жүргіншілер жолдары салынуда.

Алдағы уақытта 30 шақырым аудандық маңызы бар, 11,5 шақырым ауылішілік және 15,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолдарын салу үшін жобалар жасақталды.

 

Ауыл шаруашылығы

Қазіргі кезде 5687,5 тонна ет (тірілей салмақта), 16 273,6 тонна сүт, 1737,2 мың дана жұмыртқа өңдірілді.

Асыл тұқымды мал асырайтын шаруашылықтардың саны 41-ге жетіп отыр (2019 жылы 33 шаруашылық). Асыл тұқымды –ірі қара 4267, қой -7305, жылқы — 1293

Ауданның шаруа қожалықтары мен тұрғындары несиелі бағдарламалары арқылы 378 млн. 300 мың теңге несие алды.

Биылғы жылы бау-бақша өсіруді қолға алған шаруа қожалықтарымен 7 га жерге 584 түп алма ағашы егілді.

Сонымен қатар Қараоба ауылында 2,8 га жерге бақша дақылдары егіліп, қазіргі кезде 7,5 тонна өнім өндіріліп, тұрғындарға төмен бағамен ұсынылуда. Аталған ауылды 85 га жерге күздік бидай егу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылғы ахуалға қарамастан халыққа қолжетімді арзандатылған бағамен 5800 тауық, қаз, үйрек балапандары сатылды.

Шөп мәселесіне келетін болсақ, ауданға 275,8 мың тонна мал азығы қажет. Күні бүгінге 216 мың тонна мал азығы жинақталды (78,3 пайыз).

Ауданымызда шөп мәселесі өзекті болып отыр. Осы мәселені шешу үшін қосымша Шыңғырлау, Сырым, Жәнібек, Тасқала, Бәйтерек аудандарынан мал азығы (шөп) тасымалы жүргізілуде.

 

 

Кәсіпкерлік

Ауданда шағын кәсіпкерліктің 1363 субъектілері тіркелген болса, соның күні бүгін 1319 жұмыс жасауда. Бұл саладан бюджетке 41097,0 млн теңге түсім түсіп, 2196 адам жұмыспен қамтылып отыр.

      Кәсіпкерлікті дамыту бойынша жыл басында құны 1 млрд. 883 млн теңгеге 12 жоба жоспарланса, соның ішінде 1 млрд. 380 млн теңге 6 жобаның құрылысы аяқталды. Жалпы 73 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Қалған 6 жоба құрылысының жалпы сомасы 503 млн теңге жыл аяғына дейін аяқталып, 32 адамның тұрақты жұмыспен қамтылуы жоспарлануда.

Ауданымызға инвестиция тарту бағытында ауданның инвестициялық картасы жасақталды. Аталған картаға 307 инвестициялық нысан енгізілді.

 

Жер

Ауданның жер аумағы 1 860 581 га. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 855 258,7 га құрайды.

         Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және қайта ауыл шаруашылығы айналымына енгізу бойынша пайдаланылмаған көлемі 6 090 га құрайтын 13 шаруашылық жерлері биылғы жылы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жыл басынан бері жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен 7 465 га 14 жер учаскесіне конкурс өткізіліп, жалпы пайдалануға берілді.

Алдағы уақытта көлемі 68 425 га құрайтын 107 жер учаскесін конкурсқа шығару жоспарлануда.

Күні бүгінге ауданымыздың 714 мың 286 гектар жайылымдық жердің 85 пайызы яғни 607 мың 170 гектары цифрландырылды.

 Аудан бойынша елді мекендердің коммерциялық бағыттағы жалпы көлемі – 7 га құрайтын 16 жер учаскелері 1 млн. 168 мың теңгеге сатылды.  

 

Білім беру

2020-2021 оқу жылын 38 мектеп 5306 оқушымен бастаса,  биылғы жылы 46 жас педагог маман жұмысқа орналасты.

Елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, оқытудың бірнеше форматы қарастырылды. Ауданымыздағы 4 мектеп қашықтан, 34 мектеп дәстүрлі штаттық режимде оқытылуда.

Мектеп бітіруші 293 түлектің 102-і жоғары оқу орындарының гранттарын иеленді. Ауданымыз бойынша 28 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Апатты деп танылған А.Оразбаева және Сарықұдық мектептерінің құрылысы жүргізілуде. Сарықұдық мектебі биылғы жылы, А.Оразбаева атындағы мектебі 2021 жылы қолданысқа берілетін болады. Нәтижесінде 660 оқушы заманауи жаңа мектептерде білім алады.

Сонымен бірге жобалық құны 396 млн. 874 мың теңгеге Болашақ ауылында орналасқан 461 орындық А.Байтұрсынұлы атындағы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жұлдыз ауылындағы 108 орындық А.Хусайынов атындағы мектебі апатты деп танылып отыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Жобалық құны – 478 млн. 150 мың теңге. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттың еншісінде.

 

Жұмыспен қамту

Есепті мерзімде халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту мақсатында 1716 адам түрлі жұмыс орындарына орналастырылды.

Сондай-ақ жаңа құрылған 1314 жұмыс орындары  бойынша 367 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Жастар практикасын ұйымдастыру аясында 157 жас жұмысқа жолданды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында құс шаруашылығын дамыту, тігін цехын ашу, техникалық қызмет көрсету және қоғамдық монша қызметтерін ұйымдастыру үшін 89 адам 42 млн. 367 мың теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізді.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 2 млрд. 031 млн. 845 мың теңгеге 8 жоба жүзеге асырылуда. Күні бүгінге 469 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Жалпы аудан бойынша 2817 адамды қамтитын 560 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, барлығы  166 млн. 732 мың теңге төленді.

Елімізде жарияланған төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде 42500 теңге мөлшеріндегі көмек ауданымыздың 12 128 тұрғынына төленді.

«Nur Otan» партиясының бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде халықтың осал тобына енетін 804 отбасына 50000 теңге мөлшерінде қаржылай қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар 15000 теңге көлеміндегі коммуналдық шығындарды өтеу үшін 2416 тұрғынның өтініштері қанағаттандырылды.

 

 

Жастар саясаты

Ауданда жастарды қолдау бағытында көптеген жұмыс атқарылып, бірнеше бағыттар бойынша жобалар іске асты.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 29 маманға 87 млн. 593 мың теңге бюджеттік несиеге беріліп, баспаналы болды. 100 маманға 27 млн. 145 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді.

Президент «Жасыл қала – жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасын іске қосуды тапсырды. Аудан жастарын уақытша жұмыспен қамту мақсатындағы «Жасыл ел» еңбек жасақтары бойынша 80 студент маусымдық жұмыстарға тартылды.

Қазіргі таңда ауданымыз бойынша 682 ерікті volunteer07kz сайтына тіркелді.

Қайырымдылық жобасы аясында еріктілер Шарко Мари Тутта сырқатына шалдыққан жерлесіміз Айнар Ержанұлының Қызылорда қаласына емделуіне 480 мың теңге және жалғызбасты ана Гүлшат Нұғмановаға тұрғын үй алып беруге 1 млн. 314 707 мың теңге қаржылай қолдау көрсетті.

 

Денсаулық саласы

Аудан бойынша халыққа 2 аурухана, 27 медициналық пункт, 7 фельдшерлік-акушерлік пункт және 7 амбулатория қызмет көрсетеді.

Биылғы жылы Хайруш, Серік ауыларының медициналық ғимараттары 26 млн. 356 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізілсе, 394 млн. 947 мың теңгеге аудан орталығындағы ауруханаға да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданымызға ағымдағы жылы хирург, педиатр, терапевт және т.б. мамандықтар бойынша жалпы 13 жас дәрігер-мамандар келіп, жұмыс жасауда.

Елімізде орын алған эпидемиялық ахуалға байланысты ауданда 274 тұрғын коронавирус ауруына шалдығып, қазіргі уақытқа 265 адам жазылса, 2 адам емделуде. Бұл дерттің алдын алу және емдеу шаралары бойынша дер кезінде арнайы орындары белгіленіп, тиісті шаралар қабылданды.

Сондай-ақ қалыптасқан жағдайдан шығу және оның алдын алу бағытында аудан кәсіпкерлері ауруханаларға жалпы құны 10 млн. теңгеден астам қаржыға оттегі концентраттары, тепловизорлер, дәрі-дәрмектер, антисептиктер, қозғалмалы кварц, пульсоксиметр, прикроватный монитор, кондиционерлер және 2993 әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларына 11 млн. 895 мың теңгеге азық-түлік көмегі ұйымдастырылды (киім-кешек, азық-түлік, ет және т.б.).

 

Спорт

Қазіргі таңда бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысу, саламатты ұлт қалыптастыру бойынша нақты шаралар қабылданып келеді.

Ауданымыз бойынша 16 ауылдық округ орталықтары және 4 елді мекен шағын футбол алаңдарымен қамтылып отыр. Соның ішінде спорт инфрақұрылымдарын нығайту және аудан тұрғындарын ұдайы спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында ауыл түлектерінің көмегімен биылғы жылы Жалпақтал, Қараөзен ауылдарында волейбол, баскетбол алаңдары ашылса, Бостандық ауылында заманауи Street Workout алаңы салды.

Ат спортын дамыту мақсатында ағымдағы жылы Бостандық ауылында ат спорты үйірмесі ашылып, 6 жылқы жалға алынды. Қазіргі таңда ауыл жасөспірімдері мен ауылдың жас палуандары ат спортымен шұғылдануда.

Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап аудандық орталық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде жаңадан 5 спорт түрі бойынша (ат спорты – 2 топ, тоғызқұмалақ – 1 топ, волейбол – 2 топ, бокс – 2 топ, самбо – 2 топ) үйірмелер ашылды.

Сондай-ақ биылғы жылы Казталов ауылында 320 орындық және Жалпақтал ауылында 160 орындық заманауи дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешендерінің құрылысы басталды. Жалпақтал ауылындағы кешенінің құрылысы ағымдағы жылы, ал Казталов ауылындағы спорт кешені 2021 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

 

Рухани жаңғыру

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында игі іс-шаралар ауданда жылма-жыл жалғасын табуда. Биылғы жылы аудан бойынша ауыл түлектері мен кәсіпкерлердің қолдауымен 31 жоба жүзеге асырылу жоспарланса, қазіргі таңда 19 жоба іске асырылды.

Соның ішінде ауыл тұрғындарының өз қаражаттары есебінен Қособа ауылында 10 млн. теңгеге 30 орындық бастауыш мектеп салынып, 1 қыркүйекте пайдалануға берілді.

Жалпақтал ауылының әр жылдары мектепті бітірген түлектері жалпы құны 10 млн теңге қаражатқа «Шағын арбат» салып, Қараөзен өзенінен өтетін «Аспалы көпірді» күрделі жөндеуден өткізсе, Сатыбалды ауылының тұрғындары 6 млн. теңгеге 60 адамға лайықталған клуб салды. Және де Жаңатаң ауылының негізгі мектебі жанынан 6 млн теңгеге 25 орындық шағын орталық, Бостандық ауылында кәсіпкерлер көмегімен бокс залы салынуда.

Сонымен қатар Жаңажол ауылында кәсіпкер Р.Есенгалиевтің демеушілігімен 12 млн теңгеге ағымдағы жылы  4 бөлмелі медициналық пункттің құрылысы басталды.

 

Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекет тарапынан қолдау зор, тұрғындар өз үлестерін қосуда.

Алдағы уақытта тәуелсіз экономиканы қалыптастырып, өз өнімімізді көбірек шығарып, халықтың табысын арттыру қызметіміздің негізгі бағыты болып қала береді.

Осы мәселені жолға қойсақ, ауданның өз қаражаты, кірісі болады, жұмыс орындары ашылады. Сонда ғана өркениеті дамыған ауданға айналамыз деп есептейміз.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар