5.10.2020, 15:41
Қараулар: 34
Құс тұмауы

Құс тұмауы

«Құс тұмауы» — бұл құстардың жұқпалы ауруы, ол вирусты тұмаудың А типіне жатады. Құс тұмауының вирусы алғаш рет ХХ ғасырдың басында Италияда анықталған, көптеген уақытқа дейін адамдарға қауіпті деп саналып келді. Бұл тұмау тек қана құстарға ғана емес, сонымен қатар адамдардың өміріне де қауіпті. Тұмау құстардан немесе солардың шикі етін жегеннен жұғады. Оның вирустары қатты суық кундерде де бола береді, 70градустан төмен температурада ол бірнеше жылдың көлемінде сақтала береді. Бірақ бірнеше секунд ішінде жоғары температурада өледі.

«Құс» тұмауының белгілері жай тұмаулардағы сияқты: дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы, дәм сезбеу, тамақтың жыбырлауы, аздаған жөтел. Бұл жұқпа өзінің тудыратын келесі асқынуларымен қорқынышты: вирустық өкпе қабынуының пайда болуы, бүйрек, бауыр және қан өндіретін ағзалардың қабынуы. Негізі, осылар өлім жағдайына әкеледі.

Құстармен қарым — қатынаста болғанда сақтану ережелері:

  • Қауіпті топтағы адамдарға вакцинация жүргізу (құс фермасының жұмыскерлері, құспен жұмыс істейтін ауыл адамдары). Ауру құспен контактіде болған құстарды жою ауылдық елді-мекендерде тұратындар үй құстарын өз ауласында ұстауы тиіс
  • құс еттерінен тамақ дайындау барысында тиісті шараларды сақтау қажет;
  • құстың шикі етімен және құстардан жасалған тағамдармен жұмыс жасағаннан кейін, қолыңызды сабынмен жақсылап жуыңыз.

 

Казталов аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманының міндетін атқарушы Махсотова Шынар Халижановна

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар