25.09.2020, 10:21
Қараулар: 36
Жолдау жүктеген міндеттер

Жолдау жүктеген міндеттер

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында заң үстемдігі мен қылмыстық-құқықтық саланы одан әрі жетілдіруге айрықша маңыз берілді.Бұл үрдістегі шешуші рөл сотқа бағытталып отыр.

Жолдаудың «Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында» деп аталатын тарауында біздің саламызға қатысты нақты мәселелер көтеріліп, міндеттер жүктелді. «Заң үстемдігі орнықпаса және аза­мат­тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір­де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды» деуі орынды айтылған. Себебі, азаматтар мүддесіне қызмет ететін мем­лекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керектігі, осы тұр­ғыда құқық қорғау және сот жүйеле­ріне негізгі рөл жүктелетіні және бастысы, бұл салаға ре­форма аса қажет екені анық көрсетіліп отыр..

«Судьяларды іріктеу бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жүргізілуі тиіс. Үміткердің қандай еңбегі арқылы жұмысқа қабылданғанын жұртшылық біліп отыруы керек. Дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін де дамыту қажет. Бұл ұстаным мемлекеттің қатысуынсыз-ақ ымыраға келуге жол ашады. Дамыған елдерде мұндай иснтитуттар өзін өзі таныта білуде. Он жылдай уақыт бұрын біз «Медиация туралы заң» қабылдадық. Бірақ қазіргі кезге дейін бірде-бір мемлекеттік орган оның даму мәселесімен айналысқан емес. Айқын мемлекеттік саясат байқалмайды. Бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек.» — деді президент.

Сондай-ақ, қылмыстық істер бойынша 2021 жылдан бастап прокурорға адам құқығы мен бостандығына қатысты негізгі про­цес­суалдық шешімдерді келісу міндетін заң арқылы жүктеу жауапкершілігі артылды.

Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын ойдағыдай орындау, қажетті заңдарды қабылдау сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға және құқықтық институттардың одан әрі нығаюына оң әсер ететініне нық сенімдеміз.

Казталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі  Қаженов Руслан