21.09.2020, 11:55
Қараулар: 35
«Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет»

«Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет»

Елімізде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлықпен күреске айрықша мән беріледі. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеу мәдениетін қалыптастыру баса көрсетілген. Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының 13-қадамында да нақтыланған. «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Тұнғыш Рпезидент «Сыбайлас жемқорлық тек заң бұзушылық емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сейілтеді және ұлттық қаіпсіздікке тікелей қауіп болып табылады» жеп жемқорлық пен парақорлықтың зардабын атап өткен болатын. Сондықтан әрбір азамат жемқорлықты болдырмауға атсалысуы қажет.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеумен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жалпы мемлекеттік қызметкерлерге, соның ішінде судьлар мен сот қызметкерлеріне қойылар талаптар қатайтылды.

Ақпараттық технологиялардың сот өндірісіне енгізілуі жүйе ашықтығын қамтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етіп жатқаны – өмір шындығы. ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында сот саласында «Сот кабинеті» сервисі, «Төрелік» ақпараттық жүйесі енгізілді. Сот процестерінде дыбыс-бейне жазбалардың, TruConf, WhatsApp мобильдік қосымшалардың қолданылуы, сол секілді оңтайлы өзгерістердің әрқайсысының жемқорлыққа жол бермеуге өзіндік әсері бар. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану натижесінде сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі артты.

Бір анығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, одан бір нақты нәтиже шығармайынша, алға қойған мақсатқа толық жете алмаймыз. Өйткені жемқорлықпен күресу тек құзырлы органдардың міндеті емес. Елдегі тұрақтылыққа селкеу түсіретін жегіқұртпен әрбір адам, ұжым, бүкіл халық болып күресуіміз қажет. Сонда ғана алға қойған мақсаттарымызға жетеріміз анық.

                                                                                                                           Казталов аудандық сотының

аға сот приставы:                                     

Имангалиев  Роман Октябрятович

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар