17.09.2020, 10:38
Қараулар: 135
АУЫЛДАСТАРДЫҢ ИГІ ІСІ

АУЫЛДАСТАРДЫҢ ИГІ ІСІ

Казталов ауылына қарасты «Шәку» зиратының түгел қоршауы жаңартылды. Ауыл тұрғыны, жас кәсіпкер Абылайxан Шакуов бастаманы бастап, ауылдың азамат, азаматшалары қостап, сауапты іс тыңдырды.

Қысқа ғана мерзім ішінде 2 800 000 дей қаражат жиналып, жалпы көлемі 800 метрдей қоршау қоршалды. Игі іске қолдау көрсетіп, барша көмектескен жандарға алғыс зор.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА