9.09.2020, 9:38
Қараулар: 49
АУЫЛДАН ЧЕМПИОНДАР ШЫҒАДЫ

АУЫЛДАН ЧЕМПИОНДАР ШЫҒАДЫ

Президентіміз ҚасымЖомарт Тоқаев Жолдауында саламатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтқан болатын. Әсіресе ауылдық жерлерде спорттың дамуына айрықша мән берілуі маңызды. Біздің әйгілі спортшыларымыздың басым бөлігі ауылдан шыққан түлектер.

Соның ішінде, біздің ауданымызда спорт саласында жоғары жетістіктерге жетіп, республика, әлем мақтанышына айналған Данияр Елеусінов сынды спорт саңлақтары бар. Міне, осындай әлемге танымал спортшылардың ізбасарларын тәрбиелеу үшін аудан әкімі Альберт Есалиев спортқа ден қойып, қолдау танытып келеді. Яғни, биылдан бастап аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне 5 спорт түрінен үйірмеге штат ашылып, жас мамандармен әдістемелік жұмыстар толығуда.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ернар Ғалымов спортшылармен кездесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Ауылға келген жас мамандардың осалы жоқ. Бәрінің де деңгейлері жоғары.

Иә, білек пен жүректің үндестігінде қызмет ететін бұл саладағы қандай да бір жетістік осындай жас спортшыларымыздың табанды еңбектері мен тынымсыз төккен терлерінің нәтижесінде келмек.

Бапкер дейтін үлкен мектептен аудан намысын қорғайтын әлем чемпиондары шығатынына сенімдіміз.

Жұлдыз АСҚАР

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар