9.09.2020, 9:34
Қараулар: 54
ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Аудан орталығындағы «Достық» саябағында 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел — мәртебелі тіл» атты шара өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова аудан жұртшылығын атаулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда белсенділік танытып жүрген азаматтарға Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының алғысхатын табыс етті. Шара бары сында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған аудандық ісшараларға белсенді қатысып жүрген азаматтар да аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының алғысхатымен марапатталды.

«Әлем таныған ұлы Абай» атты мерекелік шарада мекеме, кәсіпорын қызметкерлері алғысхатпен марапатталып, үздік деп танылған қатысушыларға жүлделі орындар мен дипломдар табысталды. Кеш соңы әсем әнге ұласты.

Асылбек НӘСІПҚАЛИ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар