9.09.2020, 9:30
Қараулар: 49
ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНДА

ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНДА

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы, депутат Мәлік Құлшар мен мәслихат аппаратының басшысы Есентай Қалиев жұмыс сапарымен ауданда болды. Аудан орталығына табан тіреген халық қалаулылары №1 аудандық аурухананың жөндеу жұмыстары және Алма Оразбаева мектебінің құрылыс жұмыстарымен танысып, аталған құрылыс нысандарындағы құрылыс материалдарының сапалылығы мен құрылыс жұмыстарының тиянақтылығына назар аударды. Жалпақтал ауылында бой көтерер Байқоңыр көшесіндегі 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй мен дене шынықтырусауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысып, оң бағасын берді.

Асылбек БАЙҒАЗИЕВ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар