2.09.2020, 18:14
Қараулар: 64
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ

28 тамыз күні аудан әкімі Альберт Есалиев Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл мерекесіне орай марапаттау рәсімін өткізді.

Жиында Конституция күні мерекесі қарсаңында түрлі сала қызметкерлерін «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен және «Үздік ауыл әкімі» байқауына белсенді қатысқан ауылдық округ әкімдерін марапаттады. Сонымен бірге жиынға қатысушылармен сұқбаттаса отырып, халықтың көкейінде жүрген бірқатар мәселелерді талқылады. Жиын соңында Альберт Темірболатұлы: — Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция – болашақ табыстар мен алға қойылған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі. Сондықтан Заң бойынша өмір сүру және Заңды құрметтеу – әр азаматтың борышы. Осынау мәні терең, айшықты мереке күні елге сіңірген еңбектеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, денсаулық пен бақыт, отбасыңызға құт-береке, бейбітшілік, жақсылық пен біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін,- деп барлық марапат иегерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Асылбек НӘСІПҚАЛИ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар