2.09.2020, 18:07
Қараулар: 51
ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай Болашақ ауылында 1978 жылы туған мектеп бітіруші түлектер туған ауылдарына тамаша субұрқақты тарту етті.

Ата Заңымыздың 25 жылдығымен тұспа-тұс келген айтулы күні Болашақ ауылдық округінің әкімі Досжан Ахметов ауыл тұрғындары Рустам Қажығалиев пен Жанар Матаеваға «Қазақстан Республикасының Конституциясына — 25 жыл» мерекелік медалін табыстап, ауылдастарды мейраммен құттықтады.

Мереке күні бұрынғы Богатырев мектебін 25 жыл бұрын бітірген түлектер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған ауылдарына субұрқақ тарту етіп, ағайынның алғысына бөленді. Сұбұрқақтың ашылу салтанатында сөз алған округ әкімі игі іс жасаған азаматтарға болашақтықтар атынан ризашылығын білдіріп, алғысхат табыс етті.

Қайрат ЖАҚЫП