2.09.2020, 17:54
Қараулар: 76
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ЖЕТЕДІ

ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ЖЕТЕДІ

Казталов-Фомин оңайлатылған өткізу пунктіне электр желісін тартуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген болатын. Осы жұмыстарды оралдық «Луч Азии» ЖШС жүргізіп жатыр.

Электр желісінің тиімділігі жөнінде кезінде осы саланың маманы болған, бүгінде аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Мұқанғали Бектілеуов өз пікірін білдірді.

-Бұл мәселе алдыңғы уақыттары да қозғалып келді. Енді, міне нәтижесін көріп отырмыз. Ал трансформаторға тоқталсақ, ол Кентау қаласынан арнайы тапсырыспен келеді. Казталов-Фомин аралығында электр желісінің тартылуы бірқатар жұмыстардың тиімділігін арттырады. Жалпы, Фомин бекеті Еуропаға шығар көпір болып табылады. Сонымен бірге болашақта теміржол салынуы мүмкін. Себебі, еліміздің картасында теміржол өткелі көрсетілген. Бұған Казталов-Фомин электр желісінің қосатын үлесі зор.

А.НӘСІПҚАЛИ