2.09.2020, 17:50
Қараулар: 50
ОРТАЛЫҚТА ӨТКЕН ЖАРЫС

ОРТАЛЫҚТА ӨТКЕН ЖАРЫС

ҚР Конституциясы күні мерекесіне орай Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында дене тәрбиесі пәні мұғалімі Эдик Жұмасейтовтің ұйымдастыруымен «Ата заңым – айбыным» атты волейболдан жарыс өтті.

Жарыста орталық директоры Қайырбай Алтаев сөз алып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Жарысқа мекеме қызметкерлерімен бірге қамқорланушылар да белсенді қатысып, үш командаға бөлінді. Тартысты әрі қызықты өткен жарыс нәтижесінде I орынды «Сұңқар» тобы, II орынды «Жалын» тобы, III орынды «Тұлпар» тобы иеленді.

Қызмет алушы Сәлима Жұмашева мен Қанат Ишанқұлов «Үздік ойыншы» атанса, «Үздік қорғаушы» аталымына қызметкерлер Индира Нұрмашева, Данияр Рамазанов және Жеңіс Ақаев ие болды.

Айта кету керек, орталықта қамқорланушыларға арналған спорттық шаралар жиі өткізіледі. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда дене тәрбиесі пәні мұғалімі Эдик Жұмасейтовтің еңбегі зор.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА