26.08.2020, 10:58
Қараулар: 77
АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ КИНОТЕАТР

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ КИНОТЕАТР

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және «Казталов жастар кеңесі» ЖҚБ ұйымдастыруымен жастардың бос уақытын тиімді әрі көңілді өткізу мақсатында ашық аспан астында кинотеатр өткізілді.

Ашық аспан астында демалып, телехикая көруге келген жастардың легі көп болды. Сонымен бірге Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген аудандық онлайн байқаудың жеңімпаздары марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Аталған байқауда бас жүлдені М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің II курс студенті Бақытжан Назым иеленді.

Назым Бақытжан: -Абай атамыздың мерейтойына арналған байқауға қатысып, бас жүлдені иелену мен үшін үлкен жетістіктердің бірі. Сонымен бірге ашық аспан астындағы кинотеатр да жастардың басын қосуға үлкен септігін тигізді. Керемет әсер алдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.

Асылбек НӘСІПҚАЛИ