26.08.2020, 10:55
Қараулар: 47
ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ «ТАЗА ЖАҒАЛАУДА»

ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ «ТАЗА ЖАҒАЛАУДА»

Осы кезге дейін жазылып, айтылып келгендей табиғатты аялау, қорғау – әр тұрғынның міндеті. Жаймашуақ жаздың аяқталуына санаулы күндер қалды. Сондықтан көпшілік демалыс күндерін өзен жағасында, табиғат аясында өткізуге асық. Алайда, тынығып қана қоймай, маңайды ластап кеткендеріне күні кешегі «Таза жағалау» акциясында куә болдық.

Акцияда аудан орталығы жанындағы Қарасу тоғанынан бастап Сарыөзеннің жағалары қалдықтардан тазартылды. Акцияға аудандағы мекемеұйымдардың қызметкерлері, аудан жастары белсенді қатысты. Қолына қолғап пен қап ұстап, іске білек сыбана кіріскен топ айналаны қалдықтан тазалады. Акцияға мұрындық болған табиғат жанашырлары жағалауларды көң-қоқыстан арылтса, жастар да бұл жұмысқа белсене атсалысты. Осы орайда жағалау күл-қоқыстан тазарумен қатар, әрбір азаматтың экологиялық мәдениеті жоғарылап, қоршаған ортаға қамқорлығы молая түскені анық. Табиғат игілігі үшін бірнеше сағат жүргізілген тазалау жұмыстарының арқасында туған өлкеміз жарқырап, мұңтаздай болды.

Әсем БОЛАТ