26.08.2020, 10:51
Қараулар: 62
ҚОШАНКӨЛДІК ҚАРАДОМАЛАҚТАР ЖАРАДЫ!

ҚОШАНКӨЛДІК ҚАРАДОМАЛАҚТАР ЖАРАДЫ!

Жаза-жаза таптаурын болған бір тақырып болса, ол – ауыл тазалығы. Ауыл тазалығын сақтау үшін түрлі акциялар, челлендждер ұйымдастырылса да әлі тазалықпен достасудың қажеттігі туып тұр.

Тіпті, таза ауылды көргенде таңданысыңды жасыра қою қиын. Ал мына суреттегі екі баланы көргенде: «Әп, бәрекелді!» -дерсің. Бұлар — қошанкөлдік қарадомалақтар Мұхаметәли Амангелді мен Нұрдәулет Жұмабай. Қырдағы жұмыстарын ысырып қойып, ҚошанкөлҚараоба бағытын тазалап жүр. Үлгі боларлық іс. Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз мыңжылдықта «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» демеп пе еді? Осы шымыр екі баланың әрекетін көріп, тәрбие мен білімді қатар ұштастырғанына риясыз разы боласың. 3-сыныпты артқа тастаған Мұхаметәли мен Нұрдәулет бір жағынан сыныпта старына үлгі болса, екінші жағынан ала жаздай қырда еңбек етіп, Айнұр мен Гүлсезім апайларының берген білімін тәрбиемен ұштастырғаны көпке үлгі.

P.S. Байқасақ қоқыс арасында шыны, пластикалық бөтелкелер жатыр. Жол бойы сімірген сусынымыздың құтысын өзімізбен бірге әкетіп, арнайы орынға салсақ бұлай болмас еді…

Ж.ТАЛАПОВА