26.08.2020, 10:47
Қараулар: 54
«НҰРБАЛАПАН» ЖАЙНАП ТҰР

«НҰРБАЛАПАН» ЖАЙНАП ТҰР

Аудан орталығындағы «Нұрбалапан» балабақшасының келбеті кімкімді де сүйсіндіреді. Жасыл желекке бөленген балабақша ауласы ішінде ойнап жүрген сәбилердің сыңғырлаған күміс күлкісін естігенде жаның жадырап, көңілің шат-шадыман күйге енеді. Бөбекжай-балабақша меңгерушісі Мәнсия Тайырқызы бастаған ұжымның тынымсыз еңбегінің арқасында балабақша жайқалып тұр. Қазіргі таңда мұнда түрлі жеміс ағаштары, сирек кездесетін гүлдер өсірілуде. Жалпы, гүл өсіріп, бау-бақша баптау кез келген адамның қолынан келе бермейді. Балабақша 263 бүлдіршінді табиғатқа жақын болуға баулуда. Бұл жерде бағбандардың еңбегі зор екенін Мәнсия Тайырқызының өзі де мақтанышпен айтады. «Ізгі істің басында, жақсы жүрер қасында» деген осы емес пе?!

Жұлдыз АСҚАР