26.08.2020, 10:37
Қараулар: 84
СЫНАМАЛАР ОҢ НӘТИЖЕ БЕРДІ

СЫНАМАЛАР ОҢ НӘТИЖЕ БЕРДІ

Биыл Казталов ауылында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 8 көшенің жолы жөнделіп, қара жамылғы төселген болатын. Жолдың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Анушқұрылыс» ЖШС.

Көшелерге төселген ыстық асфальт пен битумның сапасын тексеру үшін «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мамандары арнайы келіп, құйылған қара жамылғы жолдың сынамасын алған болатын. Күні кеше сынама нәтижелері белгілі болып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары сынама нәтижелерінің барлық көшелер бойынша мемлекеттік стандартқа сай болғанын хабарлап отыр.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар