26.08.2020, 10:03
Қараулар: 64
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ТАРАТЫЛДЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ТАРАТЫЛДЫ

Елімізде орын алған ахуалға байланысты білім беру саласына өзгерістер енді. Осы мақсатта кейбір мектептерде алдағы 2020- 2021 оқу жылына дайындық жұмыстары жөнінде ауданымыздағы А.Оразбаева орта мектебінің әлеуметтік жұмыстар жөніндегі тілшісі Айнұр Болатқызын әңгімеге тарттық.

-Аудандық білім беру бөлімі эпидемиялық жағдайға байланысты 1-11-сыныптарда жаңа оқу жылы ауылдық шағын жинақты мектептерді қоспағанда қашықтан оқыту форматын іске қосатын болады. Білім беру ұйымдары үшін компьютерлер сатып алу, кейіннен оқушыларға, соның ішінде осал санатты балаларға уақытша пайдалануға беру жоспарланып, компьютерлер таратқан кезде ата-аналармен шарт жасалды. Беру, қабылдап алу актісі жасалып, компьютер берілген оқушылар туралы мәлімет Ұлттық білім беру деректер қорына енгізілгені жөнінде хабардар етілді. «Ақжайық адалдық алаңы» жобалау кеңесінің өкілдері мен ата-аналар кеңесінің төрайымы және кеңес мүшелерінің қатысуымен компьютер берілді. А.Оразбаева мектебінде осал санатты 387 отбасының балалары білім ауда. Жалпы саны 660 оқушының 610-ы 1 мен 11-сынып аралығында оқитын оқушылар болса, 50 оқушы мектепалды даярлық сыныбында. Қолда бар деректерге сүйенсек, 114 отбасында компьютер, 135 отбасында ноутбук, 33 отбасында планшет бар. Ал интернет желісі 221 отбасында, яғни 349 оқушыда бар. Бүгінгі күні 35 отбасы 41 компьютермен қамтылса, жалпыға міндетті білім беру бойынша 29 балаға техникалық жабдықтар беріледі. Сонымен бірге «Мектепке жол» акциясы бойынша демеушілік көрсетіп отырған С.Есниязова, Ж.Хайруллин, Ж.Шакуова, Н.Малаев, Н.Ғазизов, Е.Ғазизова, А.Иманғалиева, А.Шакуов, А.Ғұмарова, Д.Рахматуллин сынды қайырымды ата-аналар осал топтағы отбасыларды керекті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі уақытта 277 балаға компьютер, 258 балаға роутер(модем) қажет.

Асылбек НӘСІПҚАЛИ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар