26.08.2020, 9:51
Қараулар: 45
ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Биылғы жыл ауданымызда ауқымды құрылыс жұмыстарымен есте қалары сөзсіз. Ауыларалық және ауылішілік жолдар жөнге келіп, округтерді сумен қамтамасыз ету жүйелері жаңарса, бірқатар әлеуметтік нысандар салынып, жөндеуден өтуде.

Елді мекендерді газдандыру жұмыстары да оңтайлы шешімі табылды. Ең бастысы, құрылыс нысандарды салуды жоспарлауда жергілікті тұрғындардың, қоғамдық бақылаушы топтардың өтініш-тілегі ескеріліп, халыққа қажетті жобалар қолға алынды. Сондықтан да барлық құрылыс нысандарының мерзімінде іске қосылуы аудан тұрғындары үшін маңызды. Ауданда қолға алынған әрбір нысанның құрылыс жұмыстарын аудан әкімі жекелей бақылап, сапалы әрі мерзімінде іске асу мәселесін күн тәртібінен түсірген емес. Осы мақсатта аудан әкімі жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың қоғамдық бақылаушыларымен және мердігерлердің өкілдерімен кездесті. Күн тәртібінде аудан көлеміндегі жүргізіліп жатқан құрылыстардың барысы мен сапасы, уақытында аяқталуы жөнінде мәселелер көтерілді.

Құрылыс жұмыстарында кеткен кемшіліктерді көрген тұрғындардың да сын-ескертпелері ескеріледі. Егер сіз қоғамдық бақылау тобының мүшесі болғыңыз келсе 31-4-58 байланыс нөміріне хабарласыңыз.

Ж.ТАЛАПОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар