26.08.2020, 9:42
Қараулар: 56
МЕРЕЙДІ ӨСІРГЕН МАРАПАТ

МЕРЕЙДІ ӨСІРГЕН МАРАПАТ

Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Әлия Жақсыбаева жақында аталынып өткен құрылысшылар күні мерекесіне орай ардагер жолшы Мұқсен Бақтыгереевке Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың атынан келген мерекелік алғысхатты табыстады.

Мұқсен Ғұбайдоллаұлы ұзақ жылғы адал еңбегі мен жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында білікті басшы атанған ел аузындағы танымал ардагер жолшы. Ол салтанатты жиында азды-көпті еңбегін жоғары бағалап, өзін бүгінгі жас мамандарға үлгі етіп, көп алдында құрметке бөлеген сала министрі мен барлық деңгейдегі іні буын әріптестеріне ағалық ризашылығын білдіріп, еңбектеріне толайым табыс тіледі.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар