26.08.2020, 9:38
Қараулар: 34
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

21 тамыз күні ауданымызда жыл сайынғы дәстүр бойынша аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен арнаулы орта және жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандарға арналған «Түлектерді тарату» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде аудандағы мектептер мен балабақшалар керекті мамандықтырға өз сұраныстарын берсе, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен жастар кеңесі жас мамандарға кеңес беруді ұйымдастырды.

Аталмыш жәрмеңке аясында жұмысқа орналасуға келген 67 маманның 43-і конкурстық негізде жұмысқа қабылданды. Оның ішінде 36 маман тұрақты, 7 маман уақытша орналасты.

Жәрмеңкеге келгендердің ішінде педагогикалық мамандықтар басым. Жәрмеңкеден байқағанымыздай, орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдері тапшы.

Жұлдыз АСҚАР

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар