18.08.2020, 18:38
Қараулар: 43
ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Бостандық ауылы мәдениет үйінің ауласында заманауи үлгіде жабдықталған жаңа субұрқақ ашылды. Субұрқақты ауылға тарту ретінде Бостандық орта мектебінің 2000 жылы бітірген мектеп түлектері 1 млн. теңге қаражатқа салып берді. Ашылу салтанатында сөз алған округ әкімі Манарбек Сүндетов субұрқақ ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін серуендеп, тынығатын орынға айналатынын баса айтып, осы іске бастамашы болған 20 жылдық түлектерге аудан әкімінің алғысxатын табыс етті. Мәдениет үйінің ауласында орналасқан субұрқақ бір тостағаннан тұрады. Биіктігі 2,5 метр. Ал астауының сыйымдылығы 4 шаршы метр. Су бүркіп тұрумен қатар мәдениет үйінің ауласындағы су ұңғымасынан шығатын суды жинақтау қоймасы болмақ. Жаз айында ауыл тұрғындарының көптеп шоғырланатын жері осы субұрқақ маңы екеніне күмән жоқ. Игі бастама көтеріп, қаржылай демеушілік білдірген 20 жылдық түлектерге тұрғындар шексіз риза.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА