Спорт күні мерекесіне орай 14 тамыз күні «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен онлайн кермеге тартылудан аудан біріншілігі өтті. Спорттың бұл түріне Казталов, Бірік, Бостандық, Жалпақтал, Қошанкөл ауылдық округтерінен 20- дан астам спортшы қатысып, өз бақтарын сынады. Жарыс нәтижесінде Дилмурат Арманов (Жалпақтал) ІІІ орынды, Алуан Қадырбеков (Бостандық) ІІ орынды, Райымбек Әпиетов (Бостандық) І орынды қанжығасына байлады. Жарысқа қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыс онлайн өтсе де, тартысты өткеніне күмән жоқ.
Асылбек НӘСІПҚАЛИ