18.08.2020, 17:13
Қараулар: 50
КӨШЕ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

КӨШЕ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

Биыл Казталов ауылында «АнушҚұрылыс» ЖШС қызметкерлері күн-түн демей талмай еңбек етіп, сегіз көше жолына жөндеу жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда жеті көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды. Соның бірі – батыр бабамыз Б.Момышұлы атындағы көше жолы. Алдағы уақытта жол халық игілігіне берілетін болады. Көше тұрғыны Дархан Жалиев:

– Жол жөнделмей тұрып көше бойында аздаған жел тұрса шаң көтеріліп, жаңбыр жауғанда, көктемде қар ерігенде лайдан көз ашпайтынбыз. Адам тұрмақ, көліктің өзі әрең жүретін. Қазір жөнделгеннен кейін шаң-тозаң да басылды. Мердігер мекеме мен аудан, ауыл әкімдіктеріне көше тұрғындары атынан алғысымды білдіремін, – деп ризашылығын жеткізді.

Асылбек НӘСІПҚАЛИ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар