18.08.2020, 17:09
Қараулар: 60
ҚАРЫЗЫҢДЫ ҚАЙТАР, БОРЫШКЕР!

ҚАРЫЗЫҢДЫ ҚАЙТАР, БОРЫШКЕР!

Аудан әкімі Альберт Есалиевтің төрағалық етуімен борышкер несие серіктестіктері мүшелерімен кеңес өтті. Кеңеске «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ заңгері Сенім Есенғалиева, жеке сот орындаушысы Талғат Байарыстанов қатысты.

Өңірімізде облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеевтің басшылығымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша берілген бюджеттік кредиттің қайтарымын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталды. Осы жоспарға сәйкес аудан аумағында тіркелген несие серіктестіктерінің қарыздарын өндіру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы мәселеге байланысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мирлан Құсайынов хабарлама жасаса, заңгер Сенім Есенғалиева, жеке сот орындаушысы Талғат Байарыстанов та сөз сөйлеп, қойылған сауалдарға жауап берді.

Аудан әкімі Альберт Темірболатұлы: – Аудан бойынша 2011- 2012 жылдары 28 кредиттік жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы 382 млн. теңге кредит алған. Осы жылдың 1 тамызына дейінгі жағдай бойынша одан қайтарылғаны – 296,6 млн. теңге. Яғни бүгінгі күнге 15 ЖШС несиесімен толық есептесіп отыр. Қалған 13 ЖШС-нің берешегі 179,4 млн. теңгені құрайды. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен несие серіктестіктері мүшелері өзара жауаптылықпен алған қаражаттарын қайтаруды қолға алып, осы жұмысқа жауапты уәкілетті органдар өкілдері мен серіктестік мүшелері тиісті заңнама талаптары шеңберінде жұмыстарын ұйымдастыруы керек, – деп тапсырмалар жүктеді.

Мәриям РАХИМ     

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар