18.08.2020, 17:02
Қараулар: 45
ЖОМАРТ ЖАННЫҢ ЖӘРДЕМІ

ЖОМАРТ ЖАННЫҢ ЖӘРДЕМІ

Жақсылық жасаудан өзара жарысқа түссек, жақсы емес пе? Жақында Жалпақтал ауылының түлегі, кең жүректі азамат Александр Қарағойшин №2 ауруханаға жағдайы ауыр науқастардың денсаулығын үнемі бақылап отыратын арнайы кұрылғыны сатып алып берді.

Құны 900 мың теңге тұратын бұл құрылғы науқастың барлық ауруы сипатын нақты көрсетіп, тез жазылып шығуына үлкен септігін тигізеді екен.

– Арнайы құрылғы науқастарға аса қажет. Жерлестеріне жақсылық жасап, атымтай жомарт атанған Александр Ахметқалиұлына ауылдастар атынан зор алғысымызды білдіреміз, – дейді аурухана директоры Алмас Жүнісбеков.

Жомарт жанның жақсылыққа толы тағы бір көмегіне куә болған біз іскер азаматтың кәсібіне табыс тіледік.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ