18.08.2020, 16:56
Қараулар: 51
«АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» – КАЗТАЛОВТА

«АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» – КАЗТАЛОВТА

«Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байғұлов, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет бастаған мониторингтік топ жұмыс сапарымен ауданымызда болды.

Олар алдымен аудан орталығындағы дәріхананың жұмысымен танысып, дәрідәрмектер бағасының тұрақтылығына бағдар жасады. Мониторингтік топ мүшелері «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы қайта жаңғыртылған үйлердің тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныспікірлерін тыңдады. Сонымен бірге аудандық әкімдік ғимаратында болып, аудан әкімі Альберт Есалиевпен ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы тікелей эфирде сұқбат жүргізді.

Мониторингтік топ Казталов ауылындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған жалдамалы екі қабатты үйдің құрылыс сапасын да қарап шығып, Төлеген Зейнешұлы осы үй тұрғындарымен тілдесті. Жұмыс тобы мүшелері аудан орталығында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жүріп жатқан көшелерге қара жамылғы төсеу жұмыстарының сапасымен танысып, мердігер компания өкілдерімен кездесті. Кейін олар Болашақ ауылдық округіне ат басын бұрып, әкімдіктің халыққа қызмет көрсету бұрышын тексеріп, жөндеуден өтіп жатқан мектеп ғимараты бойынша сұрақтарына жауап алды.

Нұр РАХМАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар