13.08.2020, 11:56
Қараулар: 50
АБАЙ КҮНІН АТАП ӨТТІ

АБАЙ КҮНІН АТАП ӨТТІ

10–тамыз «Абай күні» мерекесіне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн және көпшілік шаралар өткізілді. «Абайдың даналық сөздері-өнеге көздері» онлайн оқырмандар конференциясынан бастау алған іс-шаралар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің «Сіз Абайды танисызба?» атты викториналық акциясымен жалғасын тапты. Викториналық акция тұрғындар арасында өткізілді.

Акция барысында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты қойылған сұрақтарға аудан тұрғындары белсенді қатысты. Акцияға құлшыныспен қатысқан тұрғындарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен бірге мереке аясында «Абай өлеңдерінен попурри» атты онлайн концерт ұйымдастырылды.

Асылбек НӘСІПҚАЛИ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар