7.07.2020, 13:35
Қараулар: 89
ТЕК БИІКТЕРГЕ ҰМТЫЛ!

ТЕК БИІКТЕРГЕ ҰМТЫЛ!

«Шынықсаң шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі — спорт. Соған сәйкес, орталығымыздағы қамқорланушыларды спортқа баулуда біршама жұмыстар жүргізілуде. Мекемеге келгеннен бері спортқа деген көзқарастары жоғары қызмет алушылар оқ бойы дараланып, өздерінің жақсы қабілеттерін көрсете бастады.

Оны әрі қарай дамытуда күнделікті өткізіліп жататын бой түзеу жаттығулары мен шаралар дәлел. Қыс айларында «Қарасу» тоғанына коньки, шаңғы теуіп, ал жазда волейбол, футбол ойнайды. Мекеме дәрігерінің рұқсатымен қатысу қадағаланады. Бұдан өзге шахмат, үстел тенисі сияқты спорт түрлеріне икемі бар қызмет алушылар да бар. «Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» қызмет алушы Б.Мешеров 2019 жылы облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арасында өткен спартакиадада шахматтан 3 орынды  иеленді.

Қызмет алушы С.Джумашева 2019 жылы облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арасында өткен спартакиада үстел тенисінен 3 орын, қызметкерлермен араласқан командалық волейбол ойынынан 3 орынды еншіледі.

Қызмет алушы К.Ишанкуловта жоғарыда аталған спартакиадада волейбол ойнауға қатысты. 2018 жылы Орал қаласында облыстық, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арасында өткен спартакиада да «Үздік шабуылшы» атағана ие болды.

Спорт — адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес беріледі. Сондықтан, мекеме ұжымына қызмет алушыларды спортпен шұғылдануға үйретуден шаршамауға тілек білдіреміз.

Эдик ЖҰМАСЕЙТОВ,

Дене шынықтыру мұғалімі