18.06.2020, 11:05
Қараулар: 76
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУЫ

Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді іске асыруда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын  және мінез –құлық қағидаларын  одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы  29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексінің қабылдануы  ерекше орын алады.  Мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексінде этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған. Кодексте мемлекеттік қызметшілердің ұстануы тиіс мінез-құлықтарының  жалпы стандарттары мен  қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары бекітілген.

Жалпы стандарттарға: мемлекеттік қызметшілердің өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен  әділдігін қамтамасыз ету,  жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану  жөніндегі бірқатар нормалар енгізілген.  Бұл нормалардың барлығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

Халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыру үшін сапалы әрі нақты мемлекеттік қызмет көрсету қажет.

Сондықтан, Кодекс  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстану талаптарын қояды.

Жалпы Кодекс  мемлекеттік қызметшілердің мәдениетіне ғана емес , сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау мәдениетіне де талап қойды.  Мемлекеттік қызметші жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермей,  оған жүгінген  азаматтардың әрбір мәселесіне тиянақты қарап, шешім қабылдау барысында заңдылығын және әділдігін қамтамасыз етуі  қажет.

Мемлекеттік қызметшілер әдеп нормаларын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.

Эльмира Қайсағалиева, 

Казталов ауданаралық Әділет басқармасының басшысы