18.06.2020, 9:01
Қараулар: 61
КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Жалпақтал ауылында 160 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру құрылысы басталды. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, ауылдағы өскелең жас ұрпақты спортпен тұрақты шұғылдануға қызмет ететін кешеннің жалпы ауданы 1274,1 шаршы метрді құрайды. Құрылыс нысанын мердігер ретінде «Наурыз» ЖШС-і жүргізуде.


-Жалпақтал ауылындағы заманауи спорт кешенінің құрылысы үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған болатын. Бүгінгі таңда жұмысы кестеге сай жүріп жатыр. Онда нысанға жауапты мамандармен қатар жергілікті тұрғындардан да жұмысқа тартылуда. Кешен жұмысын уақытында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, -дейді учаске бастығы Болат Сейілов.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ