17.06.2020, 16:55
Қараулар: 193
КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

2020 жылдың басында кейбір өзгерістер болғанын тағы айта кетуді жөн көрдік. Тұрығылықты мекенжайға орналастыру жөнінде, яғни қағаз бастылықты азайту сонымен қатар онлайн режиміне ауысу жұмыстары басталуда. Бізде бұрын тұрғылықты мекенжайға тіркелу үшін көші-қон қызмет басқармасына келіп кезек күтіп, тіркеліп жүрдіңіздер енді ол қысқартылып бір қатар жұмысымызды электорндық форматқа көшірді. Яғни, үй иесі электрондық цифрлық қолтаңбасын алып, өзі тікелей егов порталына тіркейді. Біз сіздерді электрондық бағытта түсіндіру жұмыстарын толыққанды жүргізетін боламыз.

Сонымен қатар Ішкі Істер министрінің өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру және Еңбек иммигранттарына рұқсат беру, қайта рәсімдеу мемлекеттік қызметінің нәтижелерін беру туралы бұйрығына сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы еңбек иммигранттарына рұқсат беріледі.

Көші-қон қызмет басқармасының фронт-кеңселері электрондық жүйелерді қолдана отырып, құжаттарды қағазсыз қабылдауға көшуді жөн көрдік. Бұл біздің жұмысымыздың жоғарғы деңгейге жету және жаңа форматқа көшіру, қағаз бастылығымыздың азаюына көмектеседі.

Айтолқын КЕРЕЕВА,

аудандық көші-қон қызмет тобының инспекторы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар