17.06.2020, 16:46
Қараулар: 124
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАР ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАР ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС

Әлеуметтің тіршілік қарекетінің барлық салаларына мүгедектерді тарту үшін елімізде 2012 жылдан бері әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын түгендеу, оларды төлқұжаттау арқылы бағалау жүргізіліп келеді. Жыл сайын әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеудің өңірлік жоспарлары бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен «Қолжетімді орта» интернет-порталы жүзеге асырылып келеді. Порталда жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрде паспортталған және бейімделген обьектілер бойынша ақпаратты жаңартып отырады. Портал жүргізілген іс-шаралардың азаматтық қоғам үшін онлайн-режимінде әрбір обьектінің бейімдеу сапасына баға беруге ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта аудан бойынша «Қолжетімді орта» порталына 133 обьектілер бойынша деректер енгізілді, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, мемлекеттік органдар, сауда, қызмет көрсету және т.б. обьектілер бар.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспарды іске асыру мақсатында тұрақты негізде мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырып келеді.

Жақында мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін бақылау жөніндегі аудандық мониторингтік топ мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету бойынша аудандық мекемелер ғимараттарының қолжетімділігіне бақылау жүргізіп, өздерінің тиісті ұсынымдарын берді.

Мониторингтік топ жұмысы жалғастырылып жүргізілуде.

Мирлан ҚҰСАЙЫНОВ,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар