16.06.2020, 16:32
Қараулар: 150
АУЫЛ КӨРКІ – ТАЗАЛЫҚ

АУЫЛ КӨРКІ – ТАЗАЛЫҚ

«Адам көркі – шүберек» десек, ауыл көркі тазалық екені даусыз. Ал ауылдың ажарлана түсуі сол ауыл тұрғындарының қолында.
Аула ішінің, көше бойының тазалығы мен абаты, көшедегі үйлердің сәулеті мен сымбаты, кіреберіс қақпасының көркі көзтартар болса, бұл үй тұрғындарының ауыл ажарына айрықша көңіл бөлетінін сезінесің. Сезінесің де, риза боласың.

Ал бізде ше? Округ орталықтарын айтпағанда елді мекендер ішінде ауыл ажарын аздырмай отырғандардың қатары сирек. Аудан орталығының қақпасы іспеттес шағын ғана Қоныс ауылын керемет деп мақтай алмаймыз. Ауыл халқының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы болғандықтан бұл ауылдан көшіп жатқандар аз. Және де аудан орталығына тиіп тұр. Бірақ алыстан «Мен мұндалап» тұратын Қоныс ауылы ажарымен еш мақтана алмайды. Облыстан келген қонақтардың алдынан «Қош келдіңіз» айтып, қарсылайтын да осы ауыл. Ең болмаса, қоныстықтар жаңа үй салмағанымен, үй айналаларын қоршап, әктеп, тазалап ұстаса нұр үстіне нұр болар еді. Құрметті оқырман, біз түсірген суреттерге қарап, өз бағаңызды берерсіздер. Біздің мақсатымыз – ауыл халқының өздері тұрып жатқан елді мекендерін таза ұстап, туған жеріне деген құрметі артса дейміз.

Диана БАҚСЫҚ