15.06.2020, 15:44
Қараулар: 188
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Біле жүріңіз біріңғай экономикалық кеңістіктегі жанармай сапасы қандай заңнамамен реттеледі?

Ауа атмосферасына көптеген ластанулар көмірсутекті жанармаймен (бензин, керосин, дизельді және реактивті жанармайлар, мазут, көмір, табиғи газ және т.б.) жұмыс жасайтын энергетикалық қондырғылардан келеді. Бәрімізге белгілі атмосфераны ластайтын негізгінен көлік құралдары мен жылу электро станциялары. Атмосфера газотрубалық қозғалтқыш қондырғыларынан және ракета қозғалтқыштарынан ластанады.

Қозғалтқыш ішінде жанған жанармай адам өміріне қауіпті аурулар мен қоршаған ортаға зиян келтіретін зиянды қорғасын қосындылар, ауыр металлдар және уландырғыш қоспалар бөледі. Жанармай сапасын арттыру арқылы автокөліктерден бөлінетін және басқа да зиянды заттарды азайтуға болады.

2012 жылдың 31 желтоқсанынан бастап, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы №826 шешімімен қабылданған «Автокөліктік және авиациялық жанармайға, дизельдік және кеме жанармайларына, реактивтік қозғалтқыштарға арналған жанармайларға және мазутқа қатысты талаптар туралы» 013/2011 КО ТР күшіне енген техникалық регламент талаптарын бұлжытпай сақтауымыз керек. Бұл регламентпен, Кеден одағының аумағыда айналымға шығарылатын жанармайлардың түрлі типтерінің (автокөліктік және авиациялық жанармайға, дизельдік және кеме жанармайларына, реактивтік қозғалтқыштарға арналған жанармайларға және мазутқа) экологиялық қауіпсіздігіне міндетті талаптар бекітілді. Техникалық регламентпен бензинге 2,3,4,5 деген экологиялық топтар (Еуро 2,3,4,5 сәйкес) енгізіліп, адам өмірі мен қоршаған ортаға зиянды химиялық заттардың шекті рұқсат етілген мәні орнатылған. Сонымен қоса, техникалық регламентке сәйкес кез келген бензин мен дизельді жанармайда металл қоспалары болмауы керек. Бензинде ментолдың мүлдем болмауы болжанады, ал октан саны 95 бензиндегі этанолдың мөлшері 5 пайыздан аспауы тиіс.

Барлық бензиндер мен дизелді жанармайларда бояғыштар (жасыл және көк түстен басқа) және заттар белгісі болуы мүмкін. Осылайша, нағыз жанармайды жалған жанармайдан ажыратуға болады. Сонымен қатар бензиндерде оның көрсеткіштері мен құрамын төмендетпейтін қоспалар болуы мүмкін. Техникалық регламентке, сатушыға, сатып тұрған өнімі жайлы тұтынушыны ақпараттандыру жөніндегі талаптар енгізілген. Сатушыға жанармай қайда өндірілген орнын және оның әзірленген күнін көрсету қажет болады. Бұдан бөлек жанармай маркасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс және ол қандай талаптармен (ГОСТ, ТШ) әзірленген. Егер бұл ақпараттар жоқ болса, жанармай құю станцияларына айыппұл салуға болады. Сондықтан, автокөлік жүргізушілері бакқа жанармай құймас бұрын, бензиннің құжаттарымен танысуға болады. Егер де автокөлігіңізге құйылған жанармай ұнамаса, онда жүргізушіге бензин колонкасының иесіне шағымдануға себеп бар. Жанармайлар айналымға шығарылмастан бұрын, КО техникалық регламент талаптарына сәйкестігі, сәйкестік декларация нысанымен расталады. Жанармайдың сәйкестігін растау рәсімдерін өтініш беруші жүргізеді.
Осы техникалық регламент, Евразиялық Экономикалық одағы аумағына айналымға шығарылатын және айналымдағы жанармайларға қарастырылған. Ал мемлекеттік қорғаныстың тапсырысы бойынша алынған, Евразиялық Экономикалық одағы аумағынан тыс елдерге экспортталатын, мемлекеттік материялдық қорды сақтауды қамтамасыз ететін ұйымдарда сақтауда тұрған, сонымен қоса жеке қажеттілік үшін қолданатын мұнай орындары мен бұрғылау платформаларындағы жанармайларға қарастырылмаған.

Жоғарыдағы «Автокөліктік және авиациялық жанармайға, дизельдік және кеме жанармайларына, реактивтік қозғалтқыштарға арналған жанармайларға және мазутқа қатысты талаптар туралы» 013/2011 КО ТР толығырақ танысқысы келетіндерге ЕЭК сайтына немесе Орал қаласы, Х.Чурин көшесі 116 мекенжайында орналасқан Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне хабарласуға болады. (тел. 510754, 506508)

Ж.ТЫҒЫНБАЕВ,

ҚР СИМ ТРМК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменттің бөлім басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар