15.06.2020, 10:39
Қараулар: 177
БҮЙРЕК СИНДРОМДЫ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА

БҮЙРЕК СИНДРОМДЫ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБА

Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба (БСГҚ) – интоксикациямен, қызбамен, бүйрек зақымдалуымен және геморраргиялық синдроммен сипатталатын жедел зоонозды, табиғи ошақты, вирустық инфекциялық ауру. Адамға кеміргіштер арқылы жұғады. БСГҚ жұқтыру жолдары:

тағам арқылы – кеміргіштердің нәжістерімен, несіптерімен ластанған тағамдарды пайдаланған кезде;

шаң-тозаң арқылы – кеміргіштердің бөлінділерімен ластанған шөп, сабан, бидай дәндерін тасу, сыпыру, жапырақтарды қопсыту кезінде;

қарым-қатынас арқылы – адамдардың кеміргіштермен тікелей қарым-қатынасы арқылы;

 

Жұқтырған уақытынан бастап аурудың алғашқы белгілері (қызу, қанталау,т.с.с) пайда болғанға дейінгі жасырын кезең 10-30 күнге созылады.

Аурудың негізгі клиникалық белгілері:

Дене қызуының 38-40С дейін көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, іш, бел аурулары, жүрек айну, құсу, шөлдеу, дененің көгеруі және денеде ұсақ қызыл дақтар пайда болуы, мұрыннан немесе басқа да дене мүшелерінен қан кетуі, көру қабілетінің нашарлауы.

Сақтану шаралары:

тағамдарды жабық ыдыста сақтау;

уланған еліктіргіш (приманка), қақпандарды қолдану арқылы кеміргіштерді жою;

кеміргіштер бөлінділерімен ластануы ықтимал су, азық-түлік өнімдерін ыстықпен өңдеу;

шөп, сабан, жеммен жұмыс істегенде, ескі құрылыстарды бұзу кезінде ауызды қол орамалмен, дәке таңғышпен, тұмылдырықпен (респиратор) жабу;

бөлмелерді шаң көтермей жинау;

шөп, ағаш, жеммен жұмыс істегеннен кейін қолды сабындап мұқият жуу;

Айсұлу АСҚАР,

аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасысының бас маманы