15.06.2020, 9:41
Қараулар: 54
ДЕНГЕ ДӘРУ БИЗНЕС — БОСТАНДЫҚТА

ДЕНГЕ ДӘРУ БИЗНЕС — БОСТАНДЫҚТА

Жылқы – қазақтың жаны, жеті қазынаның бірі. Бостандық ауылының тұрғыны Нұрлан Нұғманов осыны жасынан жадына жаттап өскен. Жастайынан бие байлап, қымыз сауған, тұлпар мініп, жүйрік баптаған атбегі бүгінде атакәсіпке ауыл жастарын баулып жүр. Ағамыз ашқан үйірмеде ауыл балалары атқа мінуді үйреніп, жылқыны күтіп-баптаудың қыр-сырына қанығады.

Еселі еңбегімен ауыл ажарын кіргізіп отырған азамат ауыл тұрғындарын қымызбен де қамтып отыр. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған. Бостандықтық ағайын күніне бір саумалды сіміріп, денсаулықтарын жақсартып әрі күннің шіліңгір ыстығында шөлдерің басуда. Ауылдың ортасынан денге дәру кәсіпті қолға алған, жылқы десе жанын беруге даяр Нұрлан ағамыз өзгелерге үлгі болар нағыз азамат!

Өз ТІЛШІМІЗ