15.06.2020, 9:32
Қараулар: 183
ЖАҚСЫ ІСТЕР БАСЫНДА — «ЖАСЫЛ ЕЛ»

ЖАҚСЫ ІСТЕР БАСЫНДА — «ЖАСЫЛ ЕЛ»

Жылдағы қалыптасқан дағдыға орай Жалпақтал ауылындағы студенттер сапынан құралған «Жасыл ел» жасағында биыл 13 студент еңбек етуде. Олар 1 маусымнан бастап табиғат аясы мен ауылдың тазалығын сақтауда белсенді еңбек етіп, көптің алғысына бөленуде.

-Сиқыр шағымыздың ұмытылмас сәттерімен мәңгілік есімізде сақталатын студенттік күндеріміздің жарқын көрінісіндей «Жасыл ел» жасағындағы еңбек еткен күндерімізді де біздер ешқашан ұмытпаймыз. Туған жеріміздің таза болуы әрбір патриот жастар үшін аса маңызды. Біздің алаңсыз еңбек етуімізге жағдай жасаған Жалпақтал ауылының әкімі Әлия Нәсіпқалиқызы мен жастар жетекшісі Айбек Әділгерейұлына алғысымыз шексіз. Туған ауылымыз жайқалып, жайнай берсін, -дейді «жасыл елдік» жасақшылар.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ