15.06.2020, 9:28
Қараулар: 189
ҰЛТТЫҚ СИМВОЛ ОРНАТЫЛДЫ

ҰЛТТЫҚ СИМВОЛ ОРНАТЫЛДЫ

«Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-пәл кем бұра,
Нағыз қазақ — қазақ емес,
Нағыз қазақ — домбыра»- деп қалың қазақтың Қадыр атты ақыны жырлағандай, домбыра ұлтымыздың символы. Қазақ халқы бар да, домбыра да әр үйдің төрінен табылары сөзсіз.
Жақында «Туған жерге тағзым, рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Жаңажол ауылының 2005 жылы мектеп бітірген түлектері үлкен бастама көтеріп, орталық алаңға «Домбыра» композициясын орнатты. Ұлттық символымызды паш ететін тұғырнаманың ашылу салтанатына ауыл тұрғындары қатысып, ақсақалдар батасын берді. Елдігіміздің тұтастығын айқындайтын өнер туындысы болашақта ауыл ажарына сән беріп, ұлтжанды ұрпақтың келешегіне қызмет ете берері сөзсіз.
Туған жерге тартулы сыйлар жасайтын елжанды түлектер қатары алда да толыға берсін!

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ