6.04.2020, 22:30
Қараулар: 137
ЫНТЫМАҚТЫ ІСТЕ ЫРЫС БАР

ЫНТЫМАҚТЫ ІСТЕ ЫРЫС БАР

5 сәуір күні Жалпақтал ауылында тұратын жеке кәсіпкер Алмагүл Әміреева «БІЗ БІРГЕМІЗ» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының аумағына коронавирустық жұқпаның келуі мен таралуының алдын алуға бағытталған Талдыапан ауылдық округі териториясындағы Қазталов-Жалпақтал-Ақжайық тас жолындағы санитарлық блокбекетте белсенді түрде еңбек етіп жатқан полиция, аурухана, әкімшілік қызметкерлеріне тәулік бойына ыстық тағам беруді ұйымдастырды.
Ел игілігі жолында уақытпен санаспай, тынымсыз еңбек етіп жатқан ауылдастарының өлшеусіз еңбегіне өзінің жеке бастамасы арқылы осылайша үлес қосқан Алмагүл Мұлқайдарқызы өзге кәсіпкерлерге үлгі бола білді.
Біз, сындарлы сағатта саналы бастама көтеріп, ерікті белсенділердің қатарынан табыла білген Алмагүл ханымның бұл бастамасын көпке үлгі ете отырып, ауылдағы өзге кәсіпкерлер де осындай ізгі қадам жолынан табылатынына сенім білдіреміз.
Ынтымақты істе — ырыс болатынын ұмытпайық, ағайын.

 

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар