6.04.2020, 22:20
Қараулар: 187
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛУ ҮШІН

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛУ ҮШІН

🔹Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға өтініш берушінің қадамдық іс-әрекеті «Электронды үкімет» порталы арқылы
1. Өтініш беруші «Электронды үкімет» порталына (әрі қарай – ЭҮП) кіріп, тіркеледі;
2. «ТЖ кезеңіндегі 42 500 төлемі»/«Выплата 42 500 на период ЧП» қызметін тандайды;
3. Өтініш нысанын толтырады, жұмыскерлерінің/өзінің деректерін көрсетеді. Электронды санды қолтанбасы (әрі қарай-ЭСҚ) немесе СМС арқылы келген бір реттік парольмен өтінішке қол қояды;
4. Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне (әрі қарай-АЖ) түседі, аудандық штабтан тексеруден өтеді, 1 күн мерзім ішінде штаб қорытынды шығарады;
5. Қорытынды 1 күн ішінде өтінішті өңдеу үшін мемлекеттік корпорацияның (әрі қарай-МК) «Е-Макет» АЖ түседі;
6. МК өтінішті Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (әрі қарай-МӘСҚ) төлемақы тағайындау үшін жолдайды;
7. Әлеуметтік төлемді тағайындау/бас тарту туралы ЭҮП жауап жолдайды;
8. Төлем алушының екінші денгейлі банктеріндегі

🔹«Телеграм Бот» мессенджер арқылы
1. Өтініш беруші телеграмға кіреді және іздеу арқылы «EgovKzBot2.0» табады;
2. «ТЖ кезеңіндегі 42 500 төлемі»/«Выплата 42 500 на период ЧП» қызметін тандайды;
3. Өтінішті қалыптастыруға қажетті деректерді толтырады , өзінің деректерін көрсетеді. Деректерді жолдайды ;
4. Өтініш «Еңбек нарығы» АЖ түседі, аудандық штабтан тексеруден өтеді, 1 күн мерзім ішінде штаб қорытынды шығарады (егер, бірыңғай жиынтық төлем (әрі қарай-БЖТ) төлеуші болса, штаб арқылы өткізілмейді);
5. Қорытынды 1 күн ішінде өтінішті өңдеу үшін МК «Е-Макет» АЖ түседі;
6. МК төлемақы тағайындау үшін өтінішті МӘСҚ жолдайды;
7. Әлеуметтік төлемді тағайындау/бас тарту туралы ЭҮП жауап жолдайды;
8.Төлем алушының ЕДБ есепшоттарына аудару арқылы жүргізіледі.

🔹«ERG» платформасы арқылы
1. Өтініш беруші ERG сайтына кіреді, қызметті тандайды, нысанды толтырады;
2. СМС арқылы келген бірмезеттік парольмен нысанға қол қояды және жолдайды;
3. Өтініш «Еңбек нарығы» АЖ түседі, аудандық штабтан тексеруден өтеді, 1 күн мерзім ішінде штаб қорытынды шығарады;
4. Қорытынды 1 күн ішінде өтінішті өңдеу үшін МК «Е-Макет» АЖ түседі (егер БЖТ төлеуші болса,олда штаб арқылы өткізілмейді);
5. МК өтінішті МӘСҚ төлемақы тағайындау үшін жолдайды;
6. Әлеуметтік төлемді тағайындау/бас тарту туралы ЭҮП жауап жолдайды;
7. Төлем алушының ЕДБ есепшоттарына аудару арқылы жүргізіледі.

  1. 🔹«Enbek.kz» порталы арқылы
    1. Өтініш беруші «Enbek.kz» порталына кіреді;
    2. «ТЖ кезеңіндегі 42 500 төлемі»/«Выплата 42 500 на период ЧП» қызметін тандайды;
    3. Өтініш нысанын толтырады, жұмыскерлерінің/өзінің деректерін көрсетеді. ЭСҚ немесе СМС арқылы келген бір реттік парольмен өтінішке қол қояды;
    4. Өтініш «Еңбек нарығы» АЖ түседі, аудандық штабтан тексеруден өтеді, 1 күн мерзім ішінде штаб қорытынды шығарады;
    5. Қорытынды 1 күн ішінде өтінішті өңдеу үшін МК «Е-Макет» АЖ түседі;
    6. МК өтінішті МӘСҚ төлемақы тағайындау үшін жолдайды;
    7. Әлеуметтік төлемді тағайындау/бас тарту туралы ЭҮП жауап жолдайды;
    8. Төлем алушының ЕДБ есепшоттарына аудару арқылы жүргізіледі.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар