6.04.2020, 22:16
Қараулар: 149
ТАБЫСЫН ЖОҒАЛТҚАНДАРҒА ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМ

ТАБЫСЫН ЖОҒАЛТҚАНДАРҒА ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМ

🇰🇿Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен төтенше жағдай кезеңінде табысын жоғалтқан азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем төлеу қағидасы бекітілді.

❗️Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айрылу жағдайына әлеуметтік төлем келесі санаттарға беріледі:
1) шағын, орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмыскерлері.
Карантин енгізілген елді мекендерде ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері;2) дара кәсіпкерлер;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);4) бірыңғай жиынтық төлем төлеуші (бұдан әрі – БЖТ) болып табылатын жеке тұлғалар;
5) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі-АҚШ) бойынша жұмыс кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар.

📌Әлеуметтік төлем «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төменгі жалақы мөлшерінде (2020 жылға – 42 500 теңге) айқындалады және мынадай:
1) жұмыскер жалақысы сақталмайтын демалыста болған;
2) дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, БЖТ
төлеушінің, АҚШ бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың қызметі уақытша тоқтатылған жағдайларда тағайындалады.

📌Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін:
— жұмыс берушілер қызметкерлер тізімін;
— дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, АҚШ және БЖТ төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек өтініш береді.
Сондай-ақ, қызметкер жұмыс берушіні күтпей-ақ, өтінішті өзі бере алады.
Бұл ретте, барлық өтініш берушілер төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірістерді жоғалту фактісінің дұрыстығы үшін өзіне жаапкершілік алатындығын ескерген жөн.

📌Төлем төлеу үшін төтенше жағдай енгізілгенге дейін соңғы 12 айда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (АҚШ үшін – бірыңғай жинактаушы зейнетақы қорына) кемінде 1 рет әлеуметтік аударымдар жасауы жеткілікті болады.

📌Сондай-ақ, жұмыстан босатылған қызметкерлер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер ала алады. Төлем қаражаты МӘСҚ есебінен жоғалған кірістің 40 пайызы мөлшерінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

📌Жұмыстан босатылған қызметкерге жұмыссыз ретінде және тіркелу және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш беру жеткілікті.

📌Өтініштер «электронды үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Казталов аудандық бөлімшесі (Халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы электронды форматта беріледі.

📞Қосымша ақпарат алу үшін Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығының 31-4-97, 32-1-88 телефондарына хабарласуға болады.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар