6.04.2020, 22:09
Қараулар: 172
ШЕКАРАҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

ШЕКАРАҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Елімізде Коронавирус індетінің таралуының алдын алу мақсатында облыстар мен қалалар арасындағы жолдар жабылып, көліктер мен жолаушылардың жүріп-тұруына шектеу қойылды. Ол үшін жолдарда арнайы блок посттар жұмыс жасап тұр.
Осындай 3 блок пост Казталов ауданымен шекаралас Жәнібек, Тасқала, Ақжайық аудандары жалғайтын күре жолдарының бойына қойылды. Яғни аудан аумағына кіруге тиым салынған. Ерекше жағдайда ғана кіріп-шығуға рұқат берілуде.
Блок посттарда полиция инспекторлары мен эпидемиолог мамандар Казталов ауданы аумағына кірген көліктерді тексеріп, тіркеуге алып жатыр. Блок посттар біріншіден, тұрғындарға қауіптің алдын алу шараларын түсіндіру үшін, екіншіден, денсаулығын тексеру үшін қойылды. Қашықтан жолаушының дене температурасы өлшенеді. Бұл шаралар тұрғындардың уақытын алғанмен де адам өмірінің қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шара екенін түсінуі қажет.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар