6.04.2020, 22:01
Қараулар: 112
ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНІК БЕРІЛДІ

ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНІК БЕРІЛДІ

­Елімізде соның ішінде облыста төтенше жағдай жарияланғанын бәріміз білеміз. Ауданда да індеттің алдын алу шаралары жүзеге асырылуда. Арнайы штаб құрылып, жүмыстануда. Бүгін штаб мүшелері 3 топқа бөлініп, аудан орталығындағы 52 көшені аралап шықты. Көшелерді аралау кезінде кездескен тұрғындарға ескерту жұмыстарын жүргізді. Яғни, маска, медициналық қолғап киіп жүру, қонақтықтарға бармау, себепсіз үйден шықтау керектігі айтылды.
Сонымен қатар штаб мүшелері орталық базар мен дүкендерді аралап, азық-түлік тұрақтылығын да қадағалады.

 

Гауһар ӘДІЛЖАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар