20.03.2020, 9:21
Қараулар: 193
Заң көмегі

Заң көмегі

Бүгінгі күнде азаматтар арасында адвокаттың немесе заң кеңесшілерінің азаматтық соттарға қатынасуының заңдылығы жөнінде сұрақтар туындауда.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес ҚР Азаматтық процестік кодексінің 58 бабының 1 бөлігінің 6 тармақшасына қатысты өзгерістер енгізілді. Нақтырақ айтқанда «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алады -деп өзгерістер енгізілді.

Заң көмегін «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына сәйкес өз құзыреттері шегінде мемлекеттік органдар,адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары және заң көмегін көрсетіп жүрген және заң көмегін көрсететін тұлғалардың міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдарында және заң консультанттарының палаталарында тұрмайтын жеке тұлғалар көрсете алады. Яғни азаматтық істерде үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғауда заң көмектерінің сапасын бақылаушы Әділет органы болып табылатын адвокаттар, заң консультанаттары өкілдік етуге құқылы. Сонымен қатар Азаматтық процестік кодексінің 58 бабының 1 бөлігінің 4) тармақшасында соттың тапсырмасы бойынша заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті өкілдері өкіл бола алады делінген.

Алайда бұл ұйымдардың қызметкерлеріне заңгерлік мамандықтың болуы және арнайы дайындық міндеті талап етілмейді. Сондықтан олардың қызметі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заң ережелерімен реттелмейді. Бұл қызмет заң көмегіне жатпайды және Әділет органдарымен қадағаланбайды. Заң көмегін кәсіби коммерциялық негізде көрсетушілердің соттарда өкілдік етуі заң көмегін көрсету қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасының «Адвокатық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының қабылдауының мақсаты сотта өкілдік етушілердің қызметін реттеу және олардың көрсететін заң көмегінің сапасын арттыру болатын. Сондықтан заң көмегін көрсетушілерді таңдауда аталған Заң талаптарының сақталғанына аса мән берілуі тиіс.

Э.ҚАЙСАҒАЛИЕВА,

Казталов ауданаралық

Әділет басқармасының

басшысы