17.03.2020, 9:51
Қараулар: 128
«ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ – ТҮБЕГЕЙЛІ МАҚСАТ»

«ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ – ТҮБЕГЕЙЛІ МАҚСАТ»

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

«Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назарды сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмыстарын күшейтуге аудару қажет», — деген Президент құзырлы органдарға үлкен міндет жүктеді.

Елбасы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Азаматтар өзіне қарсы қандайда бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда не істеу керектігінің нақты жолдарын білуі қажет.

Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту басты мақсат болып табылады. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, жемқорлыққа қарсы әрекеттер мен олардың пайда болуының алдын алуда жүйелі жұмыстар жүргізуді қамтамасыз етеді.

Казталов аудандық сотында сот төрағасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің алдын алудын маңыздылығы», «Сот ғимаратында болу тәртібі және оның сақталуын қадағалау», «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы» тақырыбында семинар сабақтары өткізіліп тұрады. Мұндай шаралар сот қызметкерлерін парақорлықтан сақтандыру, сыбайластықтың салдарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылуда.

Роман ИМАНҒАЛИЕВ,

Казталов аудандық сотының аға сот приставы