17.03.2020, 9:47
Қараулар: 64
УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ

УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ

Құрметті тұрғындар, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың иелері дезинсекция және дератизациялау қызметінде қолданылатын улы заттармен улану бойынша жағдайдың күделенуіне байланысты, уланудың алдын  алу үшін жәндіктермен, зиянкестермен күрес кезінде келесі ережелерді ұстану ұсынылады:

— Тұрғын және қоғамдық үй-жайларды дезинсекциялық, дератизациялық өңдеуді дербес жүргізуге болмайды. Осы мақсаттар үшін өз қызметінің басталғаны туралы тиісті органдарға хабарлаған және ол үшін қажетті жабдықтары, жеке қорғану құралдары бар мамандырылған ұйымдарды тарту қажет.

— Дезинсекция жүргізу үшін, Қазақстан республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген құралдар қолданылады.

— Дезинсекциялық немесе дератизациялық іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдерінен растайтын құжаттарды сұрау қажет.

— Үй-жайларды өңдеуден бұрын, үй тұрғындарын өткізу уақыты мен қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі туралы міндетті түрде хабардар ету қажет.

— Құралдармен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсеткіштері жоқ, кәмелетке толған адамдар жіберіледі.

Дәрілердің қауіптілігін жіктеуге сәйкес дезинфекцияны,дезинсекцияны, дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптарға сәйкес дезинфекциялық құралдарды қолдану шарттары олардың қауіптілік дәрежесімен анықталады:

Жабық үй -жайларда аса қауіпті заттарды ( 1 сынып )

— Білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық тамақтану обьектілерінде және тұрғын үй -жайларда жоғары қауіпті құралдары (2 сынып ) Басқа обьектілерде оларды кейіннен міндетті түрде және жинау арқылы басқа адамдар болмаған жағдайда оқытылған персоналға ғана қолдануға жол беріледі.

— Орташа қауіпті құралдар ( 3 сынып) оқытылған персоналдың кез келген үлгідегі үй-жайларда және халықтың тұрмыста пайдалануы үшін рұқсат етіледі.

— Аз қауіпті құралдар ( 4 сынып) қолдану саласын шектемей пайдалану үшін рұқсат етіледі.

Уытты улану жағдайларын болдырмау үшін тұрғындарды аталған ережелерді ұстануға, дезинсекция, дератизация құралдарын пайдалану кезінде абай болуға шақырамыз.

А.НАУРЫЗОВА,

аудандық тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

басқармасының жетекші маманы